Қарағанды облысында жол апаты болып, бес адам көз жұмды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысында жол апаты болып, бес адам көз жұмды
advokaty39.pro

3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Рено» жүк көлігімен «Тойота» автокөлігі бір-біріне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орынындақаза болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады.