Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді

Құжаттың көрнекі бетінде азаматтардың жынысы мен азаматтығы көрсетіледі.

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді
dauletten.kz

Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке құжатына қосымша ақпарат енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады turkystan.kz «Ашық НҚА» мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында құжат иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.

«Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі», - делінген хабарламада.