Аслан Абдраимов Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Аслан Абдраимов Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды
gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аслан Сабазұлы Абдраимов су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік компанияда бастаған. Әр жылдары құрылыс және логистика саласында жұмыс істеді.

2010-2024 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директоры, интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры.