Соққыға жығылған алматылық зейнеткер көз жұмды

Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады

Соққыға жығылған алматылық зейнеткер көз жұмды
baigenews.kz

Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform.kz сайтының мәліметінше, қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.

«Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінен.