Париж-2024: Көркем гимнастшы Эльжана Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады.

Париж-2024: Көркем гимнастшы Эльжана Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Олимпиада квотасына қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.