Жеңісті жақындатқандар

Ресми мәліметке сүйенсек, ел бойынша ең көп ар­дагер Ал­маты қаласында тұрады. Қалада 44 майдан­гер бар. Ал Атырау об­лы­сы мен Ұлытау облысы әкім­дік­терінің мәлі­ме­тіне сүйенсек, аталған аймақтарда бір­­де-бір ардагер қалмаған.

Жеңісті жақындатқандар
сурет: ашық дереккөз

Елімізде көзі тірі 176 ардагер бар. Бұл – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 сәуірдегі мәліметі. 

Ресми мәліметке сүйенсек, ел бойынша ең көп ар­дагер Ал­маты қаласында тұрады. Қалада 44 майдан­гер бар. Ал Атырау об­лы­сы мен Ұлытау облысы әкім­дік­терінің мәлі­ме­тіне сүйенсек, аталған аймақтарда бір­­де-бір ардагер қалмаған. 
Сонымен, Астанада – 7, Алматы қала­сын­да – 44, Шымкентте – 2, Ақмола облы­сын­да – 6, Алматы облысында – 14, Абай об­лысында – 4, Ақтөбе облысында – 1, Шы­ғыс Қазақстан облысында – 14, Жам­был облысында – 10, Жетісу облысында – 4, Ба­тыс Қазақстан облысында – 13, Қара­ған­ды облысында – 11, Қостанай облысында – 16, Қызылорда облысында – 4, Маңғыстау об­лысында – 2, Павлодар облысында – 7, Сол­түстік Қазақстан облысында – 4, Түр­кі­стан облысында 11 майдангер тұрады.
Ресми мәліметке сүйенсек, Ресейде Екін­­ші дү­ние­жүзілік соғысының 12,5 мың­ға жуық ардагері тұрады. ТМД бойынша Украина мен Беларусьте биылғы нақты мә­ліметтер әлі жарияланбаған, дегенмен күн өткен сайын қатары сирегені айты­лып­ты.

Ардагерлерге 1,5-3 млн теңгеден беріледі

Былтыр Қазақстан соғыс ардагерлеріне тө­ленетін төлемнің көлемі бойынша ТМД-да бірінші орынға шыққан болатын. Осы­лай­ша, әр ардагерге 1,5 миллион теңгеден жәр­демақы берілді. 
Жеңістің 79 жылдығына орай берілетін бір­жолғы төлем көлемі де шамамен белгілі бол­ды. Кей аймақтар әлі де қанша теңге бері­летініне қатысты мәліметті жариялаған жоқ. Әзірге белгілі мәліметтерге қарасақ, биыл майдангерлерге берілетін төлем кө­лемі былтырғыдан көп. Мәселен, Астана әкімдігінің шешімі бойын­ша Жеңістің 79 жылдығына орай ар­да­герлерге төленетін төлем сомасы екі есе­ге ұлғайтылып, әр ардагерге 2 миллион теңгеден берілетін болды. 
Сонымен қатар соғыс ардагерлеріне теңес­тірілген ардагерлер, соғыс кезінде боры­шын өткерген әскери қызметшілер, фа­шистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қа­тысқан адамдар, Ленинград қаласында бло­кадада жұмыс істеген азаматтар, кәме­лет­ке толмаған шағында концлагерьде тұт­қын болғандар, жараланып, мүгедек болған әскери қызметкерлер, азаматтық не­месе әскери нысандардағы радиациялық апат­тар мен ядролық сынақтардың салда­ры­нан мүгедек атанған адамдар және олар­дың балалары 45 АЕК, яғни 166 мың теңге мөл­шерінде төлемақы алады.
– Елорда әкімдігінің шешімі бойынша Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс ар­да­герлеріне төленетін төлем сомасы екі есеге ұл­ғайды. Осылайша, олар 2 млн теңгеден ала­ды. Қазір елордада жеті ардагер тұрады, – деп жазылған Астана әкімдігінің ха­бар­ламасында.  
Сондай-ақ басқа мемлекеттердің ау­ма­ғындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ар­дагерлерге де осындай мөлшерде ақша тө­ленеді. «Ардагерлер туралы» заңда қарас­ты­рылатын басқа да тұлғалар адамдар (тыл ең­беккерлері, қаза тапқан әскери қыз­мет­шілердің отбасылары, қайтыс болған Екін­ші дүниежүзілік соғыс мүгедегінің жұбайы) 15 АЕК, 55 мың теңге мөлшерінде алады.
Алматы қаласы мәслихатының бұрын бе­кітілген шешімі бойынша Екінші дүние­жүзі­лік соғысы ардагерлеріне 1 миллион тең­ге көлемінде бір реттік көмек берілетін. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бір реттік төлем мөлшерін 2 миллионға дейін өсіру ұсынылды. Мәслихат депу­тат­тары ортаға салынған ұсынысты қолдап, бірауыздан шешім қабылдады. Жеңістің 79 жыл­дығына орай биыл алматылық арда­гер­лерге 2 миллион теңге төленеді.
Биыл Ақмола облысы да Жеңістің 79 жыл­дығына орай ардагерлерге төленетін тө­лем сомасын ұлғайтты. Соғыс ардагерлері 3 миллион теңгеден алады. Бұл ел бойынша ең көп төлем екенін айтып өткен жөн.
Одан кейінгі орында  – Қызылорда об­лы­сы. Мұнда майдангерлер 2,5 млн теңге­ден  алады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлы­бек Нәлібаев мәлімдеді.
– Бізге бейбіт өмір сыйлағандардың ер­­лігіне лайықты қолдау көрсету – пер­зент­тік парызымыз. Өткен жылы май­дан­гер­лерге бір үй, бір көлік сыйға таратылды, сондай-ақ 1,5 млн теңгеден төленді. Биыл да Қызылордада бір ардагерге баспана бе­рілді, – деді ол. Облыстық Жұмыспен қам­ту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ла­ма­лар басқармасының мәліметінше, Қы­зы­л­орда облысындағы ең қарт ардагер –102 жаста.
Ардагерлерге берілетін төлем бойынша ал­ғашқы орындағы өңірлерді Шымкент қа­ласы, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қара­ған­ды, Павлодар облыстары түйіндейді. Мұн­да ардагерлерге 2 млн теңгеден төле­неді.
Қарағанды облысында тұратын 12 ар­дагердің барлығына 2 млн теңге беріледі. Сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойын­ша 3 219 адам Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңес­тірілген. Олардың 10-ы – Ленинград қор­шауынан аман шыққандар, 34-і – конц­лагерь тұтқындары, 135-і – қайтыс болған қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің жесірі, 3 040-ы – тыл еңбеккерлері.
БҚО-да 9 мамырға орай аудандық, қа­лалық мәслихаттардың шешімдерімен бе­кітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, мөл­шер­лерін белгілеу және мұқтаж азамат­тар­дың жекелеген санаттарының тізбесін ай­қындау қағидаларына» сәйкес біржолғы әлеу­меттік көмек көрсетіледі. 4 828 аза­матқа жалпы сомасы 341,2 млн теңге көле­мінде төлем қарастырылып отыр. Соның ішінде майдангерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі. 
Еліміздің қалған өңірлерінде де арда­гер­лерге 1,5 млн теңгеден берілетін болады.

Биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әс­кери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс кү­ніне арналған әскери шеру өткізіл­мей­тінін мәлімдеген болатын. 2023 жылы да министрлік бюджет қаражатын үнемдеуге байланысты Жеңіс шеруі тоқтатылатынын айтқан еді.