Жайық өзенінде су деңгейі қайта көтеріліп жатыр – ТЖМ

Өзендегі су деңгейіне сағаттық мониторинг жүргізіліп отыр.

Жайық өзенінде су деңгейі қайта көтеріліп жатыр – ТЖМ
ТЖМ

Жайық өзеніндегі су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. Су деңгейі өзенге іргелес аудандарда 41 сантиметрге дейін көтерілген, деп хабарлады ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында. 

Ведомство ақпаратына сүйенсек, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікте 14 сантиметрден 41 см-ге дейін көтерілді:

  • Индер ауданында су деңгейі – 9 см;
  • Махамбет ауданында – 2 см;
  • Атырауда – 2 см-ге көтерілген.

Сондай-ақ ТЖМ өкілдері жағалауды нығайту жұмыстары аяқталғанын айтты. Өзендегі су деңгейіне сағаттық мониторинг жүргізіліп отыр.

"Жайық өзеніндегі жағдай Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының бақылауында", - делінген хабарда.