Ақтөбеде 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

2007 жылы туған оқушы 2 мамыр күні үйінен шығып кеткен.

Ақтөбеде 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде 2 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған оқушы қыз іздестіріліп жатыр.

Ақтөбе облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен Аружан Орынбасарованы іздестіріп жатыр. 2007 жылы туған оқушы 2 мамыр күні үйінен шығып кеткен.

– Бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат білген адамнан 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.