Алматы облысында полиция атын жамылған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Бұл іске қатысты Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Алматы облысында полиция атын жамылған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
polisia.kz

Алматы облысында жалған полицей форманы әскери киім дүкендерінің бірінен сатып алғанын мойындады.

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері бейнеленген видео жарияланды.

Бұл іске қатысты Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

«Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты. Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», – деді ПД баспасөз қызметі.