Танымал әзілкеш асабалықтан алатын гонорары жайлы айтты

Өнер иесі бір тойды басқарып беру үшін қанша ақша алатынын ашық айтты.

Танымал әзілкеш асабалықтан алатын гонорары жайлы айтты
Нұрболхан Шарапов. Фото: YouTube

Танымал актер, әзілкеш Нұрболхан Шарапов өзінің негізгі табыс көзі асабалық қызметі екенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz тілшісіне берген сұхбатына сілтеме жасап.

Өнер иесі бір тойды басқарып беру үшін қанша ақша алатынын ашық айтты.

«Негізгі табысым кинодан және тойдан. Тек содан кейін ғана Instagram-дағы табысымды айта аламын. Ең көп табыс әрине, тойдан. Асаба ретінде гонорарым – 600 мың теңге», - деді әзілкеш.