«Боссың ба?»: Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні басқа әйелге хабарлама жіберген

Судья Қуандық Бишімбаевтың телефонынан  «Юлия супер» деп сақталған адаммен жазысқан хаттарды оқыды.

«Боссың ба?»: Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні басқа әйелге хабарлама жіберген
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша сот отырысында айыпталушының телефоны тексеріліп жатыр.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова көз жұмған күні басқа әйелмен жайбарақат күйде хат алмасқаны белгілі болды.

Судья Қуандық Бишімбаевтың телефонынан  «Юлия супер» деп сақталған адаммен жазысқан хаттарды оқыды. Хат 2023 жылы 9 қараша сағат 19:07-де басталып, сағат 19:36-да аяқталған.

19:07 Бишімбаев: Қалың қалай?

Юлия супер: Сенің қалың қалай?

19:24 Бишімбаев: Не істеп жатырсың?

Юлия супер: Кірпігімді жөндеттім.

19:36 Бишімбаев: Боссың ба?

Юлия супер: Нешеде? 

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтан бұл кім екенін және өлім болатын күні оған не мақсатта жазғанын сұрады.

Осының бәрін жазғаным Салтанатқа бірдеме болды деп ойламағанымды дәлелдейді,- деді сұраққа нақты жауап бере алмаған Бишімбаев.

Судья күдіктінің телефонын ары қарай зерттеп жатыр.