Қазақстандық боксшы Бішкек төрінде үш дүркін Азия чемпионын жеңіп, жеңімпаз атанды

Эркин – 2019, 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алған

Қазақстандық боксшы Бішкек төрінде үш дүркін Азия чемпионын жеңіп, жеңімпаз атанды
sports.kz

Қазақстандық боксшы Аман Қазанғапов Бішкекте (Қырғыз Республикасы) Дүйсенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

86 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол финалда шаршы алаң иесі, тәжірибелі боксшы 33 жастағы Эркин Адылбекпен қолғап түйістірген болатын. Эркин – 2019, 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алған қарымды боксшы. Алайда Бішкек төрінде өткен турнирде ол Қазанғаповтан төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен ұтылды.