Ақтау қаласында 18 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті

Полиция департаменті өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Ақтау қаласында 18 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті
Ашық дереккөз

Ақтауда 18 жастағы қыз тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 16 сәуірде, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 4-шағынауданда болған. Қайғылы оқиға кезінде жәбірленушінің жанында екі досы болған. Құлағаннан кейін қыз біраз уақыт шок күйде болған, тіпті тұруға тырысқан. Ол жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегінен бас тартты. Алайда дәрігерлер бірден ауыр жарақатты анықтап, жәбірленушіні ауруханаға жеткізгені айтылды.

Полиция департаменті өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.