Тағы үш спортшымыз олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Париж олимпиадасына баратын спортшылар қатары толықты

Тағы үш спортшымыз олимпиада жолдамасын жеңіп алды
olympic.kz

Париж олимпиадасына баратын спортшылардың қатары үш спортшымен толықты, деп жазады turkystan.kz.

Еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали олимпиада жолдамасын Бішкекте өткен азиялық іріктеуде жеңіп алды. Ол 97 келіге дейінгі салмақта қытайлық Авусайман Хабиламен күш сынасып, 3:2 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. 

Сонымен қатар 125 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен балуан Юсуп Батырмурзаев та олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Шешуші жекпе-жек қазақстандықтың пайдасына 7:3 есебімен аяқталды.

Одан бөлек қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов олимпиадалық лицензияны жеңіп алды. Ол Дохадағы (Катар) әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша 2024 жылғы Олимпиадаға жолдаманы еншіледі.