Марат Омаров су тасқынынан зардап шеккен отандастарына ән арнады

Өнер иесі қазіргі қиын жағдайда отандастарына қолдау білдірді.

Марат Омаров су тасқынынан зардап шеккен отандастарына ән арнады
Instagram/marat_omarov_kz

Қазақстандық белгілі әнші, композитор Марат Омаров су тасқынынан зрпдап шеккен отандастарына ән шығарды.

Америка құрама штаттарында жүрген өнер иесі қазіргі қиын жағдайда отандастарына қолдау білдірді. Ол жаңа туындысын өзінің Instagram парақшасында жария етті.

Эстрада жұлдызы бұл жағдайды ауыр қабылдаған. 

«Еліме келген қиыншылықтың артынан қуанышты мамыражай күндер келсін! Қазағымның жеріне бақытты сәттерді нәсіп ете гөр», - деген жазба қалдырды Омаров.

«Алыста жүрсе де, осы болып жатқан жайтты көріп, әкемнің жүрегі ауырып шыққан әні», - деп жазды Зарина Омарова.