Өскеменде науқас аурухана терезесінен секіріп мерт болды

56 жастағы азамат алтыншы қабаттағы бөлменің терезесінен секіріп кеткен.

Өскеменде науқас аурухана терезесінен секіріп мерт болды
chto-proishodit.ru

Өскемен қаласында ауруханада алтыншы қабаттағы терезеден секіріп кеткен науқас қаза болды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін № 4 қалалық ауруханада болды. 56 жастағы азамат алтыншы қабаттағы бөлменің терезесінен секіріп кеткен. 

«Науқас психомоторлы қозу жағдайында болған. Қасындағы медбике ер адамды ұстай алмай қалды. Құлап кеткен ол сол жерде көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Пациент тыныс алу жолдарының ауруымен жансақтау бөліміне түскен.

Осы жағдайға байланысты медициналық мекеме басшылығы қызметтік тексеру жүргізді. 

«Соның қорытындысында медицина қызметкерлерінің жұмысында ешқандай бұзушылық болмағаны. Қазіргі уақытта сондағы пациенттермен және аурухананың еңбек ұжымымен психолог жұмыс істеуде. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр», - делінген ақпаратта.