Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр

Агенттік мәлімдеме жасады

Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр
Ақорда

Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр. Агенттік мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ, қаражат аудармауға шақырамыз, - делінген хабарламада. 

Мұндай деректер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.