"Темір емес, нағыз қазына болып шықты": Ұлыбританияда ойнап жүрген бала сирек кездесетін жәдігер тауып алған

Анасы алғашында бұл жай ғана қоқыс деп ойлаған.

"Темір емес, нағыз қазына болып шықты": Ұлыбританияда ойнап жүрген бала сирек кездесетін жәдігер тауып алған
сурет: nypost.com

Ұлыбританияда ойнап жүрген бала сирек кездесетін жәдігер тауып алған. Бұл туралы оның анасы хабарлады, деп жазады New York Post.

12 жастағы бала Англияның Пагам ауданында далада итімен серуендеп жүргіп, сирек кездесетін алтын Рим білезігін тауып алған.

"Роуэн әрқашан әртүрлі ұсақ-түйекті табуға құмар болды, ол әрқашан жерден зат жинап жүреді", - деп түсіндірді оның анасы Аманда.

Анасы алғашында бұл жай ғана қоқыс деп ойлаған.

"Мен әрқашан оған жерден зат алуға рұқсат бермейтінмін, "ол лас" деп, лақтыртқызатынмын, бұл жолы да сондай бір нәрсе деп ойладым”, - деді ол.

Баланың анасы білезікті үйіне апарып, оның нағыз алтын екенін анықтаған.