Wildberries клиенті берген тапсырысының орнына миллиондаған ақша мен күміс құйма алған

Белгілі болғандай, тапсырыс қабылдаушы тапсырысты жіберген кезде шатасып өзінің қорабын салып жіберген.

Wildberries клиенті берген тапсырысының орнына миллиондаған ақша мен күміс құйма алған
сурет: life.ru

Ресейде Wildberries маркетплейсінде батарея мен электр құралдарын сататын дүкен клиентке батареяның орнына қазына жіберген, деп хабарлайды finance.rambler.ru.

Белгілі болғандай, тапсырыс қабылдаушы тапсырысты жіберген кезде шатасып өзінің қорабын салып жіберген. Қорапта 2 миллион рубль, 100 доллар, күміс құйма және карта болған.

Қорап иесіне қайтарылды. Wildberries қызметкерлері маршрутты есептеп, жүргізушіні тауып, тапсырысты қайтарған. 

сурет: telegraf.news