2,4 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.

2,4 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
ulysmedia.kz

Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.

«Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың га Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды», -делінген хабарламада.

Қабылданған шаралармен 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.