Финляндиядағы университеттің бірі дәрісті Tik-Tok-та өткізуге көшті

Бір айта кетерлігі, университеттің бизнес курсы барлығына қолжетімді, яғни кез келген адам дәріс тыңдай алады.

Финляндиядағы университеттің бірі дәрісті Tik-Tok-та өткізуге көшті
сурет: grt.md

Финляндиядағы университеттің бірі дәрісті Tik-Tok-та өткізуге көшті. Haaga-Helia қолданбалы ғылымдар университеті толығымен TikTok әлеуметтік желісінде оқытылатын курстың басталғанын жариялады. Білім беру бағдарламасы платформадағы қысқа бейнедәрістерден тұрады, деп хабарлайды Yle жергілікті басылымы.

Университет әлеуметтік желі жастар үшін негізгі жаңалықтар арнасына айналғанына тоқталды.

"Студенттер Tik-Tok-та көп уақыт өткізеді, сондықтан неге ойын-сауықпен қатар маңызды материал әзірлемеске?" - дейді Haaga-Helia бас директоры Теему Кокко.

Университеттің Tik-Tok-тағы парақшасында оқытушылар видео арқылы дәріс өткізіп, пікір жазатын алаңда студенттермен байланыс орнататынын байқауға болады, студенттер өз сұрақтарын пікір ретінде қалдырады.

Курс тек TikTok-та аккредиттелген әлемдегі алғашқы курс болды. Бұл - кәсіпкерлік туралы қысқа дәрістер.

Бір айта кетерлігі, университеттің курсы барлығына қолжетімді, яғни кез келген адам дәріс тыңдай алады.