Алматы қаласында жер үйлерді су басып жатыр

Жеке үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды.

Алматы қаласында жер үйлерді су басып жатыр
ТЖМ

Нөсер жаңбырдан кейін жер үйлер мен төрт көшенің жол бөліктерін су басып жатыр.

“Алматыда ауа-райының күрт нашарлауына және екпінді желдің 18-24 м/с дейінгі жылдамдығына байланысты нөсер жаңбырмен бірге қаланың барлық ТЖ қызметтері мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды”, делінген ТЖМ хабарламасында.

Жеке үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды. 

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жойып жатыр.

Қазір қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ.