Қазақстанның үздік бомбардирі Сергей Хижниченко спортқа қайта оралды

Хижниченко соңғы рет жасыл алаңға 2 жыл бұрын шыққан болатын

Қазақстанның үздік бомбардирі Сергей Хижниченко спортқа қайта оралды
ФК "Астана"

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы әрі Қазақстан Премьер лигасында бірнеше клубта ойнаған Сергей Хижниченко спортқа қайта оралды, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Transfermarkt.com порталының мәлімдеуінше, 32 жастағы форвард енді «Алтай» клубында өнер көрсетеді. Ол жыл соңына дейін аталған клубта өнер көрсетеді. Хижниченко соңғы рет жасыл алаңға 2 жыл бұрын «Ақсу» сапында шыққан болатын.

Айта кетейік, Сергей Хижниченко мансабында «Восток», «Астана», «Атырау», «Шахтер», «Корона» (Польша), «Ақтөбе», «Тобыл», «Шахтер» (Беларусь), «Ордабасы» және «Ақсу» клубтарында ойнаған. Қазақстан тарихындағы үздік он бомбардирдің қатарына кіреді — құрама сапында ойнаған 52 кездесуде 8 гол соққан.