Ұлттық образда отбасымен фотосессия жасаған Төреғали Төреәлі елді тәнті етті

Төреғали суретті Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Ұлттық образда отбасымен фотосессия жасаған Төреғали Төреәлі елді тәнті етті
instagram.com/toregalitoreali/

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде ерекше отбасылық фотосессиясын жариялап, ел назарын өзіне аударды, деп хабарлады turkystan.kz.

Төреғали суретті Instagram-дағы парақшасында жариялап, халыққа жыр жолдарын арнады.

Фото желі қолданушыларының көңілінен шықты. Оқырмандар ұлттық нақыштағы суретке тәнті болып, жылы лебізін білдірген.

«Ұрпағыңмен мың жаса», «Аман болыңыздар», «Тіл-көзден сақтасын», «Қандай күшті отбасы», – деді желі қолданушылары.