Биыл 60 жасқа толатын Нұрлан Абдуллин жеке кешін өткізеді

Нұрлан Абдуллин 60 жасқа толады.

Биыл 60 жасқа толатын Нұрлан Абдуллин жеке кешін өткізеді
comode.kz

Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, әнші Нұрлан Абдуллин 60 жасқа толады. Өнер иесі биыл ерекше кеш өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп жазады turkystan.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күзде 60-қа келемін. Қазір концерт берсем деген ойда жүрмін. Шығармашылық концерт бола ма, кеш бола ма, ақылдасып жатырмыз. Республика сарайында да концерт бердім. Мен жынойнақ ән айтпаймын ғой. Әдемі, салмақты әндер айтамын. Концертке келген азаматтардың бәріне смокинг кигізгенбіз. Енді қай жерде жасасам болады? Медеуде өткізу қиындау болады. Қазір 1-2 жерде өткізсек деп отырмыз. Мысалы, неге Бурабайға жасамасқа? Білмеймін енді, оның бәріне қаражат керек. Барлық қауіпсіздің шаралары сақталады. Оның бәрі іске асып жатса жақсы», – деді Нұрлан Абдуллин.