Қуырылған фри картобы деменцияға ұшыратуы мүмкін – зерттеу

АҚШ Ұлттық Денсаулық Сақтау Институтының мәліметіне сүйенсек, әр 4 америкалық ересектің 1-еуі күн сайын фаст-фуд мейрамханаларынан тамақтанады.

Қуырылған фри картобы деменцияға ұшыратуы мүмкін – зерттеу
сурет: gooddoveov.life

Қуырылған фри картобы ақыл-ес кемдігіне ұшыратуы мүмкін. Зерттеушілердің тұжырымынша, бірнеше рет пайдаланылған майға қуырылған тағамның құрамында зиянды қоспалар түзіледі. Ол миға, тамырға зиян келтіреді және ойлауды тежейді. Бұл туралы newsweek.com жазды.

АҚШ Ұлттық Денсаулық Сақтау Институтының мәліметіне сүйенсек, әр 4 америкалық ересектің 1-еуі күн сайын фаст-фуд мейрамханаларынан тамақтанады. 

Фаст фуд дайындауға май көп кететініне байланысты және тамақ қалдықтарын азайту үшін мейрамханалар мен азық-түлік сатушылар әдетте қуырылған майды қайта пайдаланады. Дегенмен, жаңа зерттеулерге сәйкес, бұл майдың көптеген табиғи антиоксиданттары мен пайдалы қасиетін жойып қана қоймай, оның құрамындағы акриламид, транс майлар және пероксидтер сияқты зиянды қосылыстардың мөлшерін арттыруы мүмкін.

Бұл зиянды қосылыстар түрлі қатерлі ісік пен метаболикалық ауытқулардың пайда болу қаупін ғана емес, сонымен қатар нейродегенерация қаупін арттыруы мүмкін.