БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді

Сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты.

БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді
ТЖМ

БҚО-дағы Теректі ауданы, Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты.

Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды.

Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы жабынды ашу жүргізілді.