Ұлттық құрама сапында ойнағаны үшін ақша алмау керек – футболшы

Килиан Мбаппе бұған дейін мадридтік«Реал» командасымен келісімшарт жасасқан болатын.

Ұлттық құрама сапында ойнағаны үшін ақша алмау керек – футболшы
Фото AFP

«Пари Сен-Жермен» және Франция құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе футболшылардың ұлттық команда сапында ойнағаны үшін алатын төлемақысын сөз етті, деп хабарлайды turkystan.kz. championat.com-ға сілтеме жасап. 

Sporx-тің Х-тегі (Twitter) парақшасында Мбаппенің «Футболшылардың өз құрамаларынан ақша алғаны маған күлкілі көрінеді. Сіз өз еліңіздің атынан сынға түскеніңіз үшін ақша алмауыңыз керек», – деп айтқан сөзі келтірілген.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе бұған дейін мадридтік«Реал» командасымен келісімшарт жасасқан болатын. «Реал» командасы бұл трансфер туралы әлі ресми жариялаған жоқ, алайда белгілі болғандай олар мұны Еуропа чемпионаты басталғанша жар салмақ ниетте.