Атырау облысында белгісіз жыртқыш тұрғындардың малын қырып жатыр

Жұрт оны жабайы ит болуы мүмкін деп топшылап отыр.

Атырау облысында белгісіз жыртқыш тұрғындардың малын қырып жатыр
qazaqstan.tv

Атырау облысында белгісіз жыртқыш тұрғындардың малын қырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, белгісіз жыртқыш Исатай ауданында тұрғындардың малын қырып жатыр. Мақұлық түн ортасында қораның бір шетін қазып кіріп, 20 шақты бас қой-ешкіні тамақтап, ішек-қарнын ақтарып кеткен.

Қараша оны жабайы ит болуы мүмкін деп топшылап отыр.