АҚШ-та 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды

Флорида мұндай бастама көтеріп отырған жалғыз штат емес.

АҚШ-та 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды
Сурет: Martin Schutt / DPA / AP

АҚШ-тың Флорида штатында 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды. Келер жылы қаңтарда күшіне енетін жаңа заң  АҚШ-тағы ең қатаң шектеулердің бірі болар еді деп жазды cnet.com.

Флоридада 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салынды. 2025 жылдың басынан бастап олардың барлық аккаунты бұғатталатын болады.

Әйтсе де, Флорида мұндай бастама көтеріп отырған жалғыз штат емес. Арканзас, Луизиану, Огайо и Юту сияқты штаттар да осыған ұқсас заң жобасын әзірлеген. Дегенмен, бұл жобалар жеке өмірге қол сұғу, сөз бостандығын шектеу секілді қайшылықтарға тап болып отыр.

Калифорния штаты да қазір штаттың Бас прокурорының бастамасымен және штат сенаторларының екі партиялы тобының тең авторлығымен әзірленген "Балаларымызды әлеуметтік медиаға тәуелділіктен қорғау" деп аталатын осыған ұқсас заңды қарастырып жатыр.