Наурыз мерекесіне орай арнайы пойыздар жолға шықты

Жолаушыларды қазақ домбырасының үнімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.

Наурыз мерекесіне орай арнайы пойыздар жолға шықты
видеодан кадр

Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Осы оқиғаға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ елорда вокзалының перронында жолаушыларға шағын тосынсый ұйымдастырды.

Жолаушыларды қазақ домбырасының үнімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.

Мерекеге орай безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Астана-Павлодар» бағытында қатынайтын болады.