Қарсыласымның қорқып тұрғанын көрдім: Олимпиада жолдамасын ұтып алған 17 жастағы Батырхан

Батырхан – құрамадағы ең жас спортшы.

Қарсыласымның қорқып тұрғанын көрдім: Олимпиада жолдамасын ұтып алған 17 жастағы Батырхан
olympic.kz

Өткен аптада Тайань (Қытай) қаласында таеквондодан өткен Азия аймақтық лицензиялық турнирінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.

«Кездесу алдында қарсыласымның көзіне қарадым. Оның сенімсіздігі қатты білініп тұрды, қорқып тұрғанын көрдім. Содан соң, өзіме деген сенім де арта түсті. Өздеріңіз көргендей, лицензия алып, ата-анамды, бапкерлерімді, күллі жанкүйерді қуантып жатқан жайым бар. Шыны керек, менде Парижге барамын деген сенім мықты болды. Барша мамандар мен қалың жанкүйердің тілегі сенімімді шыңдай түсті», – дейді Батырхан olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Батырхан – құрамадағы ең жас спортшы. Оның жасы 17-де.

Ол – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.