Ашуланшақтық пен мазасыздық жүректі қартайтады – зерттеу

Жаңа зерттеу көрсеткендей, ашуланшақ адамдар мен үнемі уайымдайтын адамдарда жүрек проблемалары жиі кездеседі.

Ашуланшақтық пен мазасыздық жүректі қартайтады – зерттеу
сурет: healthhub.sg

Ашуланшақтық пен мазасыздық жүректі қартайтады. Депрессия, мазасыздық және көңіл-күйдің құбылмалылығы жүрекке тікелей зиян тигізетіні белгілі болды. Сонымен қатар, мұндай үрдіс ер адамдарда жиі байқалатыны анықталған.

Психикалық денсаулық пен жүрек қызметі арасындағы байланысты зерттеу үшін Лондондағы Патшайым Мэри Университеті басқаратын зерттеу тобы 36 309 адамның жүрегін тексерген. Тұрақсыз көңіл-күй, шамадан тыс алаңдаушылық, ашуланшақтық, ұялшақтық және қайғы сияқты "невротизм" санатына жатқызылатын адамның күйі тұлғалық сауалнама арқылы бағаланған.

Жаңа зерттеу көрсеткендей, ашуланшақ адамдар мен үнемі уайымдайтын адамдарда жүрек проблемалары жиі кездеседі. Зерттеуге сәйкес, мазасыздық пен күйгелектік сияқты әдеттер жүректің қартаюының алғашқы белгілерімен байланысты болған.