Мемлекет басшысы Пәкістанның жаңа Президенті Асиф Али Зардариді құттықтады

Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Пәкістанның жаңа Президенті Асиф Али Зардариді құттықтады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдадыдеп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.