Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ

Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті
Видеодан алынған кадр

Ақтаудағы индустриялық аймақ маңындағы жолдардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті, деп жазады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 8 наурызда шамамен сағат 13:50-де болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері барды. Өрт сөндірілді.