Түркістанда жалдамалы пәтерден 2 баланың мәйіті табылды

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістанда жалдамалы пәтерден 2 баланың мәйіті табылды
Ашық дереккөз

Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

«Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын», - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.