95 жаста университет бітірген қария

Ара-тұра біраз деректі ұмытып қалып, есте сақтау қабілеті нашарлағанын айтты. Әрі мұнысы оқуға кедергі келтірсе керек.

95 жаста университет бітірген қария
kingston.nub.news

95 жастағы британдық Дэвид Маржот Ұлыбритания тарихында университет бітірген қарт түлектердің бірі атанды, деп хабарлайды turkystan.kz Mirror-ға сілтеме жасап.

30 жыл бұрын зейнетке шығып, үй шаруашылығымен айналысқан қария былтыр Кингстон университкеінің магистратура бөліміне оқуға түскен. Онда заманауи Еуропа философиясы мамандығы бойынша білім алған.

Өткенде ол өзінен 70 жас кіші студенттермен бірге дипломын алды. Сөйтіп, аталған оқу орнының ең қарт түлегі атанды. Маржот диплом алуға сахнаға шыққан кезде, көпшілік таңғалысын жасырмады. Оны сахнаға ұлы мен күйеубаласы ертіп шықты. Британдықтың айтуынша, егде жасқа қарамастан оған алға жетелеген мақсатқа қол жеткізу бәрінен маңызды болды. Алайда, ол ара-тұра біраз деректі ұмытып қалып, есте сақтау қабілеті нашарлағанын айтты. Әрі мұнысы оқуға кедергі келтірсе керек.

Айта кетерлігі, Дэвид Маржот Ұлыбританияда ең қарт түлек емес. 2021 жылы көп жыл қатарынан қорғаушы болып жұмыс істеген 96 жастағы Арчи Уайт Брайтон университетінде бейнелеу өнері бойынша магистратура бітірген болатын.