Ақтауда дабыл жүйесі іске қосылады

Командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі.

Ақтауда дабыл жүйесі іске қосылады
pixabay.com

Ақтауда дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, ақпанның 8,9 күндері аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі.

Жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен «2024 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша өткізіледі. 

«Өткізілетін шаралар кезінде 2024 жылғы ақпанның 8 күні сағат 11:55 бастап электрдабылдар іске қосылады. Сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.