Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды

Өрт сөндірушінің мүсіні орталық саябаққа орналастырылды.

Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды
24.kz

Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына құтқарушының жақындары мен өрт сөндірушілер, азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиналғандар Асқар Забикулинді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Еңселі ескерткіштің биіктігі 4 метрге жуықтайды.

Еске салайық, Асқар Забикулин Астанада өрт болған үйден үш адамды құтқарып қалған. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, өзі ауруханада көз жұмды. Офицердің артында жары мен екі баласы қалды.

«Бәріміз өте қуаныштымыз. Астанада да қойылды. Көшелерге аты беріліп жатыр. Филім де түсірілді. Ауылымыздағы мектептін атын берейін деп жатыр. Асқарымыз батыр ғой, қаһарман. Алдағы жасөспірімдерге үлгі. Ұмытпасын, бізде әрқашан ұмытпаймыз. Мақтанамыз», – деді А.Забикулиннің ағасы Елдар Забикулин.