Өскеменде қорғаныс істері басқармасының басшысы ұсталды

Ол бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

Өскеменде қорғаныс істері басқармасының басшысы ұсталды
gov.kz

Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері департаментінің кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.

"Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.