Ақтауда жол апатынан 4 адам зардап шекті

Көлік айып тұрағына қойылды

Ақтауда жол апатынан 4 адам зардап шекті
Ашық дереккөз

29 желтоқсан күні 23:10 шамасында 12 шағынаудандағы «Анвар» гипермаркетінің маңында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жол қиылысында солға бұрылып, Lexus ES 330 көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан төрт адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

«Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.