1,9 млн астам азамат зейнетақы қорынан ақша алды

Қордағы қаржыны пайдалану бойынша Алматы халқы белсенді.

1,9 млн астам азамат зейнетақы қорынан ақша алды
ашық дереккөз

Елімізде 1,9 млн астам азамат зейнетақы қорынан ақша алды, деп хабарлады turkystan.kz.

qazaqstan.tv дерегінше, шамамен миллион тұрғынға үй жағдайын жақсартуға және емделуге жалпы сомасы 3,7 трлн теңге аударылған.

Ал жеке инвестициялық басқару бойынша 14 мыңға жуық өтініш қанағаттандырылып, 18 млрд теңге бөлінген.

Қордағы қаржыны пайдалану бойынша әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау, Қарағанды облыстарының халқы белсенді.