Жұмысқа барар жолдың ұзақ болуы күйзеліске ұшырау қаупін арттырады – зерттеу

Жұмыс орнына жету үшін 1 сағаттан артық уақыт кетіретін адамдар 30 минуттан аз уақыт ішінде жететіндерге қарағанда депрессияға ұшырауға бейім екені анықталды.

Жұмысқа барар жолдың ұзақ болуы күйзеліске ұшырау қаупін арттырады – зерттеу
сурет: THINKSTOCK

Жұмысқа жету үшін 1 сағаттан артық жол жүру депрессия қаупін арттырады. Бұл туралы sciencealert.com жазды.

Зерттеу жүргізген Оңтүстік Корея ғалымдары жұмыс орнына жету үшін 1 сағаттан артық уақыт кетіретін адамдар 30 минуттан аз уақыт ішінде жететіндерге қарағанда депрессияға ұшырауға бейім екенін анықтаған. Бұл ретте, айырмашылық 16% деп көрсетілген.

Сонымен қатар, күйзеліске ұшырауға бейім болатын адамдар қатарында үйленбеген, аптасына 52 сағаттан артық жұмыс істейтін ер адамдар, балалары бар аналар мен табысы төмен қызметкерлер бар.