Өзбекстанда М.Әуезов атындағы университеттің филиалы ашылады

Университеттің дипломы Өзбекстан мен Қазақстанда жоғары білім туралы құжат ретінде танылуы көзделген.

Өзбекстанда М.Әуезов атындағы университеттің филиалы ашылады
uza.uz

Ташкент облысы Шыршық қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы ашылады, деп хабарлады turkystan.kz uza.uz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Министрлер Кабинетінің тиісті қаулысының жобасы жарияланды.

«Филиал қызметінің негізгі бағыттары экономика салалары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, білім, ғылым және өндірістің үздіксіздігі мен жүйелілігі, сондай-ақ әлемнің беделді білім және ғылым орталықтарымен интеграциялану қағидаттары негізінде мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жаңғырту жоспарланған», - делінген хабарламада.

Университет филиалы кадрларға деген қажеттілікті, оның ішінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды ескере отырып, бакалавриат білім беру бағыттары мен магистратура мамандықтары бойынша барлық деңгейдегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

Университеттің дипломы Өзбекстан мен Қазақстанда жоғары білім туралы құжат ретінде танылуы көзделген.