«Екеуіміз бөлек тұрамыз»: Актер Қуандық Шәкіржанов отбасында туындаған мәселесін бөлісті

Қуандық Шәкіржанов отбасына қатысты шындықты айтты

«Екеуіміз бөлек тұрамыз»: Актер Қуандық Шәкіржанов отбасында туындаған мәселесін бөлісті
Видеодан алынған кадр

Актер Қуандық Шәкіржанов әйелімен бір жыл бұрын бөлек кеткенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өмір болғасын түрлі жағдай болады. Құдайға шүкір, Арай екеуіміздің бір ұл мен бір қызымыз бар. Бір жылдан асты мен бөлек тұрып жатырмын. Оның өз себебі бар. Отбасылық жағдайға байланысты. Біз ұрысып, ренжіспедік. Сыйластығымыз түзу. Бәрі жақсы. Бала-шағамен араласамыз.

Бірақ өнерде жүргесін сыртта көп жүреміз. Киноға түсеміз деген сияқты... Арада кішкене түсініспеушілік болғаны рас. Махаббатымыздың сериалымен әлі таныс емеспін. Әрі қарай сериал жалғасады ма, әлде, осымен бітті ме білмеймін", - деді Қуандық Шәкіржанов.