1882 жылдан бері салынып жатқан Испаниядағы ғибадатхананың құрылысы аяқталуға жақын

Бастапқыда құрылысты 2026 жылға дейін аяқталау туралы жоспар болған, дегенмен Covid-19 пандемиясына байланысты жұмыс тоқтап қалған.

1882 жылдан бері салынып жатқан Испаниядағы ғибадатхананың құрылысы аяқталуға жақын
Сурет: PATRICK GORSKI/NURPHOTO GETTY IMAGES

141 жыл бойы салынып жатқан Барселонадағы әйгілі Саграда Фамилия ғибадатханасының құрылысы аяқталуға жақын, жаңа мұнаралардың салынуы жарқыраған жарық шоуға ұласты, деп хабарлайды turkystan.kz eoronews.com-ға сілтеме жасап. 

Құрылыстың аяқталуға жақындауы евангелистер Матай мен Джонға арналған соңғы екі мұнараның аяқталуы болды. Биіктігі 135 метр болатын бұл мұнаралар қыркүйекте аяқталған еді. Былтыр екі мұнара тұрғызылған болатын. Ғимараттың ерекшелігі, белгілі каталондық сәулетші Антонио Гауди жобалаған мұнараны аяқтау ғана қалды.

Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнаралар әлем бойынша ең биік үшінші ғибадатхана мұнарасы болмақ.

Бастапқыда құрылысты 2026 жылға дейін аяқталау туралы жоспар болған, дегенмен Covid-19 пандемиясына байланысты жұмыс тоқтап қалған. Қиындықтарға қарамастан, комитеттің басқарма басшысы Эстеве Кэмпс La Vanguardia-ға берген сұхбатында күрделі мәселелер туындамаса, ғибадатхана ең көп дегенде 10 жыл ішінде аяқталады деп мәлімдеді.