Қар, боран: екі облыста жолдар жабылды

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Қар, боран: екі облыста жолдар жабылды
Tengrinews.kz

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 18.00-дегі ақпаратқа сәйкес ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жол бойындағы көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген.

Ақмола облысында 4 жол учаскесі, Қостанай облысында 3 учаске жабық. Күре жолдарда 100 арнайы техника мен 140 маман жұмыс атқарып жатыр.