"Титаниктегі" мейрамхананың мәзірі аукционда 48 миллион теңгеге сатылды

Аукционшы Эндрю Олдридж бұл мәзірге күллі әлемге әйгілі мұхит лайнерінен қалған керемет экспонат деп сипаттама берді.

"Титаниктегі" мейрамхананың мәзірі аукционда 48 миллион теңгеге сатылды
Сурет: HENRY ALDRIDGE & SON LTD / BBC

"Титаник" бортындағы бірінші дәрежелі жолаушыларға арналған кешкі ас мәзірі Уилтширдегі аукционда 84 000 фунт стерлингке (48 миллион теңге) сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап. 

Онда 1912 жылғы 11 сәуірде кешкі асқа ұсынылатын тағамдардың тізімі жазылған.

Титаник осыдан кейін 2 күн өткен соң, 1912 жылғы 14 сәуірде айсбергке соқтығысқан болатын. 

Аукционды Henry Aldridge & Son компаниясы өткізген.

Аукционшы Эндрю Олдридж бұл мәзірге күллі әлемге әйгілі мұхит лайнерінен қалған керемет экспонат деп сипаттама берді.