Жүргізушінің көлік ішінде есірткі тұтынған сәті камераға түсіп қалды

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Жүргізушінің көлік ішінде есірткі тұтынған сәті камераға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр

Түркістанда полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі қолданған көлік жүргізушісін анықтады. Орталық ақпараттық басқарма кезекшілер патрульдік полиция қызметкерлерін сол аумаққа бағыттады, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады.

Тексеру кезінде ер азаматтан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, алынған зат "марихуана" болып шықты.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы "есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.