Қарағандыда жер үйден өрт шығып, әйел көз жұмды

Қарағандыда Морозов көшесіндегі жер үйлердің бірінен 70 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, әйел көз жұмды
Қарағанды ТЖД

Қарағандыда жер үйден өрттің шыққаны туралы хабарлама сағат 22.00-де түскен. Қызыл жалын сағат 22.56-да жойылды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қарағандыда Морозов көшесіндегі жер үйлердің бірінен 70 шаршы метр аумақта өрт шықты. Оқиға орнында 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі ашық отты пайдалану жатады», - делінген Inbusiness.kz сайтының хабарламасында.

ТЖД дерегінше, үйде қайтыс болған әйелдің жұбайы да болған. 1964 жылы туған ер адамда көміртегі тотығымен уланудың орташа дәрежесі тіркелді. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан.